
Тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Әбіл Еркін Аманжолұлының «Актуальные проблемы истории» тақырыбындағы дәрісі

2026 жылдың 19-наурызында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Әбіл Еркін Аманжолұлының «Актуальные проблемы истории» тақырыбындағы дәрісі өткізілді. Аталған шараға Тарих факультетінің деканы, т.ғ.к., доцент Ө.Ж. Бекмағанбетов, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Қ.О. Сейтказина, т.ғ.д., профессор З.О. Дүкенбаева, т.ғ.д., профессор Г.Т. Мусабалина, т.ғ.д., профессор М.А. Алпысбес, Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы мен «Тарих» Білім беру бағдарламасының студенттері, магистранттары және докторанттары қатысты. Дәрісте ғалым Еркін Аманжолұлы жаһандану жағдайында тарихи сана, ұлттық бірегейлік және тарихи жады мәселелері ерекше маңызға ие екенін атап өтіп, осы тұрғыда тарих ғылымының алдында жаңа методологиялық, теориялық және практикалық міндеттер туындап отырғанына баса назар аударды.

Еркін Аманжолұлы – отандық тарих ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан зерттеуші, тарихшы-ғалым, қоғам қайраткері. Ол ұзақ жылдар бойы жоғары оқу орындарында қызмет атқарып, ғылыми-педагогикалық бағытта еңбек етті. Сонымен қатар, қоғамдық-саяси қызметте де белсенділік танытып, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде елдің әлеуметтік-мәдени және тарихи саясат мәселелеріне атсалысып келеді.
