
«Көмескі тарих, тірі жад: ХХ ғасыр қасіретін зерттеуде не өзгерді» іс-шарасы

2026 жылдың 28-мамырында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Әлеуметтану кафедрасы мен Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен «Көмескі тарих, тірі жад: ХХ ғасыр қасіретін зерттеуде не өзгерді» іс-шарасы өткізілді. Аталған іс-шараға Қазақстан тарихы кафедрасынан т.ғ.д., профессор Мұсагалиева Арайлым Сәбитқызы, РhD, оқытушы Қонырбаев Нұржан Өсерханұлы, аға оқытушы Абдуразаков Мадияр Фуркатұлы қатысты.

Іс-шара барысында «Социальное конструирование постпамяти в современном Казахстане», «Өңірдегі музейлер практикасындағы индустриализация дискурсы», «Қазақстандағы жад саясаты: институттық стратегиялар және нарративтердегі басымдықтар» және тағы басқа тақырыптар талқыланды.

Іс-шараның өткізілуіне әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, доцент Смағамбет Баян Жүзікбайқызы мен тарих ғылымдарының докторы Мұсағалиева Арайлым Сәбитқызына ерекше ықпал етті.

Факультет аралық деңгейдегі жиында белсенділік көрсеткен әріптестерімізге үлкен рахметімізді айтамыз!
