
Орал мемлекеттік педагогикалық университетімен бірлескен «Ұлы Отан соғысы оқиғаларының тарихи жадын сақтау» атты халықаралық дөңгелек үстел

2026 жылғы 21 мамырда онлайн форматта Орал мемлекеттік педагогикалық университетімен бірлескен «Ұлы Отан соғысы оқиғаларының тарихи жадын сақтау» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара жұмысына Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Беларусь елдерінің ғалымдары, оқытушылары, магистранттары мен студенттері қатысты. Профессор Мусабалина Г.Т. «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы (1941–1944 жж.) Беларусь партизан қозғалысын зерттеудегі қазақстандықтардың естеліктері мен хаттары дереккөзі ретінде» тақырыбында баяндама жасап, тарихи жадты сақтау және соғыс кезеңінің деректерін зерттеу бағытындағы ғылыми зерттеу нәтижелерін ұсынды.
Магистрант Досан А. «Ұлы Отан соғысы туралы тарихи жадты сақтаудағы Әди Шәріпов естеліктерінің маңызы» атты баяндама жасап, Әди Шәріповтің мемуарлық мұрасының соғыс тарихын зерттеудегі және қазақстандықтардың партизан қозғалысына қатысуын зерделеудегі рөліне тоқталды. Зерттеудің ғылыми жетекшісі - профессор Г.Т. Мусабалина.
