
Ақмола облысы Зеренді ауданындағы археологиялық экспедиция: ғылым, жаңалықтар және болашақ мамандарды даярлау
Ақмола облысының Зеренді ауданында М.К. Хабдулинаның жетекшілігімен жүзеге асырылып жатқан АР26102637 «Жаратылыстану-ғылыми әдістерді қолдана отырып, Қарсақ қола дәуірі қонысының әлеуметтік-экологиялық жүйесін зерттеу» атты гранттық жоба аясында археологиялық зерттеулер жалғасуда. Ғалымдар қола дәуіріне жататын қоныстық және жерлеу ескерткіштерін зерттей отырып, ежелгі тұрғындардың шаруашылық қызметінің ерекшеліктерін, тіршілік кеңістігін ұйымдастыру тәсілдерін және қоршаған ортаға бейімделу механизмдерін қалпына келтіруге ұмтылуда. Алынған деректер Қарсақ I қонысы тұрғындарының өмір салтын неғұрлым толық реконструкциялауға мүмкіндік береді.

Экспедиция жұмысына «Археология және этнология» білім беру бағдарламасының докторанттары мен магистранттары қатысуда. Олар үшін далалық зерттеулер кәсіби даярлықтың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Экспедицияға қатысу болашақ мамандарға археологиялық қазба жұмыстарын жүргізудің практикалық дағдыларын меңгеруге, далалық материалдармен жұмыс істеуді, оларды тіркеу мен бастапқы өңдеуді үйренуге, сондай-ақ дербес ғылыми-зерттеу қызметінің құнды тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік береді.
