
Қазақстан тарихы кафедрасында Жұмыс беруші ұйымдар өкілдерінің қатысуымен өткен «Тарих» білім беру бағдарламасы: мәселелер мен перспективалар» тақырыбындағы оқу-әдістемелік семинар

2026 жылдың 26-маусымында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Тарих факультеті Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен Жұмыс беруші ұйымдар өкілдері қатысқан «Тарих» білім беру бағдарламасы: мәселелер мен перспективалар» тақырыбындағы оқу-әдістемелік семинар өтті.

Семинар жұмысына Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Нурланова Сагила Есимсейтовна, Астана қаласы Мемлекеттік архивінің директоры Бимолдин Жангельды Бержанович, ҚР ҒЖБМ ҒК Мемлекет тарихы институты Деректану тарихнама және Отан тарихы бөлімінің басшысы Карасаев Ганий Мукашевич, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің ғалым хатшысы Ермекбаева Майра Аманбекқызы, Қолжазбалар және сирек кітаптар орталығы Ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі Паримбекова Камшат Пазыловна қатысты.

Шараның басталуындағы кіріспе сөзінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Басқарма мүшесі - академиялық мәселелер жөніндегі проректор Бейсенбай Ардақ Бақытұлы оқу үдерісінде жұмыс беруші ұйымдардың орны мен рөлі зор екендігіне назар аудара келе, университетімізбен атқарып отырған сапалы жұмыстарына алғысын білдірді.

Жұмыс беруші ұйым басшылары Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақстан тарихы кафедрасында маман даярлауда тығыз байланыста бірқатар шаралар атқарылып келгенін және алдағы жоспарларын ортаға салды. Сондай-ақ, Карьера және бизнес әріптестік бөлімінің басшысы Смагулова Гульнура Рахатовна, Тарихшылардың ұлттық конгресі Хатшылығының басшысы Қалиев Жабай Нұрмақұлы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Foundation бөлімінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Аманова Асель Сериковна болашақ тарихшылардың бүгінгі қоғамға қажеттілігі жайында айтты.

Семинар барысында шараның модераторы - Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Сейтказина Құралай Отаубаевна «Тарих» білім беру бағдарламасының еңбек нарығындағы орны, оқу және өндірістік практикаларды ұйымдастыру, тарих, архивтану, музей ісі бағыттарында цифрлық біліктілікті арттыру, білім беру бағдарламасына жаңа элективті пәндерді енгізуге қатысты мәселелерді шешуде жұмыс беруші ұйымдармен кафедраның атқарып отырған жұмыстарының оң нәтижелеріне тоқталды.
