
«Тарих» мамандығының магистранттары және докторанттарымен кездесу
Тұрақты даму
#ENUscience
SMART.ENU
07.09.2026 3

2026 жылдың 7-қыркүйегінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Тарих факультеті Қазақстан тарихы кафедрасында 7М02203 – «Тарих», 8D02203 – «Тарих» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранттары мен докторанттардың алғашқы ұйымдастыру кездесуі өтті.

Жиынға Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Сейтказина Куралай Отаубайқызы және PhD Конрбаев Нуржан Усерханұлы қатысты. Кездесу барысында докторанттарға оқу үдерісінің ұйымдастырылуы мен негізгі бағыттары таныстырылды. Сонымен қатар, магистратура мен докторантурада білім алуға қойылатын талаптар мен оқу тәртібіне қатысты маңызды мәселелер түсіндіріліп, алдағы оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары айтылды.

Бөлісу:
