
Жоғары оқу орнының ішкі тәртіп ережелерімен танысуға арналған кураторлық сағат
ENU-Qurylys
Тұрақты даму
03.09.2026 6

2026 жылдың 3-қыркүйегінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Тарих факультеті Қазақстан тарихы кафедрасы «Тарих» мамандығының бірінші курсы Т-15 тобымен жоғары оқу орнының ішкі тәртіп ережелерімен таныстыру мақсатында кураторлық сағат өткізілді. Кураторлық сағатты топтың кураторы, аға оқытушы, тарих магистрі Мадияр Фуркатұлы Абдуразаков жүргізді.

Топ кураторы Мадияр Фуркатұлы бірінші курс студенттерінің жоғары оқу орнының студенті атануымен құттықтап, университет ішіндегі тәртіп пен ережелерді таныстырды. Сонымен қатар топ кураторы студенттердің білім алу процесі мен тәрбие мәселелеріне мұқият назар аудару қажеттелігіне баса назар аударды.
Бөлісу:
