
ЕҰУ-де Ілияс Есенберлин мұрасына арналған ғылыми семинар өтті

2026 жылғы 22-қазанда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Алтын Орда өркениеті» кафедрасының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік кепілі және ұлттық сана мен тарихи жады (Ілияс Есенберлин мұрасын зерттеу тәжірибесінен)» тақырыбында ғылыми семинар өтті.
Семинардың арнайы қонағы болған Амангелді Нұркейұлы Қашқынбаев Ілияс Есенберлин шығармашылығының қазақ халқының ұлттық санасы мен тарихи жадын қалыптастырудағы маңызына тоқталды. Кездесу барысында жазушының «Көшпенділер» трилогиясындағы қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы, тарихи тұлғалардың көркем бейнесі, Кенесары ханның әдебиеттегі және тарихтағы орны, сондай-ақ кеңестік идеология жағдайында ұлттық тарихты зерттеу мәселелері талқыланды.

Ғылыми семинарға университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, магистранттар мен докторанттар қатысты. Іс-шара тарихи мұраны зерделеу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және тарихи сананы жаңғырту бағытында пікір алмасуға мүмкіндік берді.

