
«SAQA OMUK» тақырыбында ойын форматында ашық сабақ
Түлектер - 2026
ЕҰУ жаңалықтары
22.10.2026 16

2026 жылғы 22 қазанда М-153 тобының екінші курс магистранттары «Археология және этнология» кафедрасының студенттеріне «SAQA OMUK» тақырыбында ойын форматында ашық сабақ өткізді.

Іс-шара барысында магистранттар қонақтарға саха (якут) халқының ұлттық тағамдарын ұсынып, олардың мәдениеті мен салт-дәстүрімен таныстырды, сондай-ақ Саха (Якутия) Республикасы туралы қызықты деректермен бөлісті. «Своя игра» (Өз ойыны) зияткерлік сайысында студенттер екі командаға бөлініп, өз білімдерін көрсетті.

Іс-шара жанды диалог пен командалық бәсеке жағдайында өтті. Ол Солтүстік-Шығыс Азияның мәдени мұрасы туралы түсініктерді кеңейтуге мүмкіндік берді.
Бөлісу:
