
Ұлттық музейдегі «Ғасырлар сабақтастығы: Ежелгі жәдігерден Егемендікке дейін» атты тәрбие сағаты

2026–2027 оқу жылының педагогикалық іс-тәжірибесі аясында Тарих факультеті, Археология және этнология кафедрасының «8D02208 Археология және этнология» білім беру бағдарламасы бойынша 2-курс докторанттары Ботбайбекова Салтанат Кәрібайқызы мен Аққошқарова Жанна Төлепбергеновна (ДАЭ-21 тобы) «АЭ-11» тобының студенттерімен бірге мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Республика күніне орай өткізілген «Ғасырлар сабақтастығы: Ежелгі жәдігерден Егемендікке дейін» атты бұл көшпелі тәрбие сағаты Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде өтті.
Іс-шара барысында докторанттар университет табалдырығын жаңа аттаған 1-курс студенттеріне еліміздің бай тарихын музейдің сирек әрі құнды жәдігерлерімен ұштастыра отырып таныстырды. Студенттер ежелгі дәуірден бүгінгі Тәуелсіздік кезеңіне дейінгі тарихи-мәдени мұрамызды көрнекі түрде көріп, тарихи сабақтастық пен мемлекеттілігіміздің терең тамырлары туралы маңызды мағлұматтар алды.

Музей залында өткен мұндай танымдық сабақ бірінші курс студенттерінің отансүйгіштік сезімін арттырып, таңдаған мамандығына деген сүйіспеншілігін шыңдауда және білім алушылардың тарихи санасын қалыптастыруда ерекше рөл атқарады.


