
Шақырылған профессор дәрісі

2026 жылғы 23 қазанда шақырылған профессор – М.К. Аммосов атындағы Солтүстік-Шығыс федералдық университеті тарих факультетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты А.И. Яковлев «Археология және этнология» кафедрасының студенттері мен магистранттарына «Даладан мәңгі тоң аймағына дейін: түркі мұрасы және мал шаруашылығымен айналысқан мәдениеттердің бейімделуі» тақырыбында дәріс оқыды.

Дәріс барысында ғалым Солтүстік-Шығыс Азияның табиғи жағдайы күрделі аймақтарын игеру үдерісінде түркі халықтарының шаруашылық-мәдени типтерінің өзгеруінің негізгі аспектілерін қарастырды. Әсіресе, мал шаруашылығы дәстүрлерінің мәңгі тоң аймағының табиғи-климаттық жағдайларына бейімделу тетіктеріне ерекше назар аударды.

Іс-шара белсенді пікір алмасу форматында өтті. Студенттер мен магистранттар бейімделу тетіктерін зерттеу әдіснамасына қатысты сұрақтар қойып, өңірдің археологиялық және этнографиялық материалдары негізінде түркі мұрасын одан әрі зерттеудің перспективаларын талқылады.
«Археология және этнология» кафедрасы мазмұнды әрі танымдық дәрісі үшін Айтал Игоревич Яковлевке алғыс білдіріп, факультеттің ғылыми-білім беру жобалары аясында алдағы уақытта да ынтымақтастық жалғасады деп сенім білдіреді.
