
Даму стратегиясы
ХХІ ғасырдағы білім беру кез келген қоғам мен мемлекет дамуының маңызды стратегиялық ресурстарының бірі десек те, мемлекет пен білім берудің әлемдік жүйесі дамуының кӛкейкесті үрдістері ретінде жаһандану, аймақтарға бөліну және интернационалдану да маңызды болып табылады.
Жалпы, жаһандану феномені экономикаға, саясатқа, мәдениетке, бұқаралық ақпарат құралдарына әсерін тигізе отырып, білім беруге де, оның ішінде өзін мамандарды кәсіби даярлау мен ғылыми зерттеу саласында халықаралық келісімге негізделген зерттеу түріндегі университет ретінде бағыт алатын біздің университеттің даму стратегиясындағы жоғары білімге де маңызды әсер етеді. Сондай-ақ жаһандану үдерістері, мысал үшін, бұл үрдістің жарқын бейнесі Болон үдерісі аясындағы жоғары білімнің интеграциялануында бейнеленген білім беру жүйесі мен мемлекеттер дамуының аймақтарға бөліну ерекшелігін де жоққа шығармайды.
Сонымен қатар жоғары білімнің интернационалдануы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мен білім алушылардың, оқытушылардың және зерттеушілерің академиялық ұтқырлығының барлық деңгейінде мамандарды кәсіби даярлау мазмұнын үйлестіру арқылы жүзеге асырылады.
