
Факультет тарихы
Тарих факультетінің құрылуы Целиноград педагогикалық институтының ашылуымен, оның Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орны ретінде қалыптасуымен сәйкес келеді. 1962 жылы Тарих мамандығына алғаш рет студенттер қабылданды. 1988 жылдан бастап тарих бөлімі жеке факультет болып бөлінді, Тарих кафедрасы алғашқы кафедралардың бірі болды. Сол жылы сырттай бөлім де ашылды. Кейіннен Тарих және неміс тілі бөлімі ашылды.

ЦМПИ Тарих кафедрасының доценттері Ә.Ж. Сәрсенов (солдан бірінші) және Б.Х. Хұсайнов (оңнан екінші) біліктілікті арттыру курсында
1991 жылы факультетте қазақ және орыс мектептеріне тарих пәнінің мұғалімін дайындайтын Тарих және қазақ тілі бөлімі ашылды. Дәл осы жылдан бастап Отан тарихы және Жалпы тарих кафедралары өз жұмысын бастады.
1992 жылдан бастап факультетте үш кафедра жұмыс жасай бастады: Қазақстан тарихы кафедрасы (кафедра меңгерушісі т.ғ.к. М.М. Жәмпейісова), Ежелгі дәуір және орта ғасыр тарихы кафедрасы (кафедра меңгерушісі т.ғ.к. Л.В. Ищенко), Жаңа және қазіргі заман тарихы кафедрасы (кафедра меңгерушісі ф.ғ.к. Л.В. Еговцева)
.
1995 жылы т.ғ.д., профессор А.Қ. Құсайыновтың Ақмола педагогикалық институты ректоры болып тағайындалған кезде Тарих мамандығы бойынша аспирантура ашылып, оған факультеттің барлық жас мамандары оқуға түсті (С.И. Ковальская, Е.С. Сыздыкова, К.К. Ақтаева, Б.М. Каипова және т.б.).
1996 жылы Сәкен Сейфуллин атындағы Ақмола педагогикалық университетінің Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті болып қайта құрылуы тарих білімінің дамуына жаңа мүмкіндіктер ашты.
Факультеттің ғылыми әлеуетінің артуының жаңа сатысы – 070002 – Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы) мамандығы бойынша кандидаттық диссертацияларды қорғау Кеңесінің құрылуы болды. Кеңес төрағасы – т.ғ.д., профессор Х.М. Әбжанов. 2001 жылдан бастап 520350 – Тарих мамандығы бойынша магистратура бөлімі жұмысын бастады.

1999 жылдан бастап Тарих факультеті құрамында 5 кафедра жұмыс жасайтын Тарих және халықаралық қатынастар факультеті болып өзгерді, оның құрамында: Қазақстан тарихы кафедрасы (кафедра меңгерушісі т.ғ.д., А.Қ. Құсайынов), Археология және этнология кафедрасы (кафедра меңгерушісі т.ғ.д. М.Е. Елеуов), Әлем тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы (кафедра меңгерушісі т.ғ.д., Х.М. Әбжанов), Халықаралық қатынастар, саясаттану және әлеуметтану кафедрасы (кафедра меңгерушісі т.ғ.д. М.Ж. Әбдіров), Философия кафедрасы (кафедра меңгерушісі ф.ғ.д. Т.К. Айтқазин).

Факультеттің кезекті отырысы
Тарих факультеті жұмыс жасаған жылдары декан қызметінде танымал ғалымдар – тарих ғылымдарының докторлары, профессорлар: С.Ш. Мұхамеджанова, А.Н. Қашқымбаев, Қ.Ә. Ахметов, Қ.Ә. Ахметов, Т.С. Садықов болды.
