
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
Тарих факультетінің халықаралық ынтымақтастығы университетаралық және факультетаралық келісімшарттар, меморандумдар мен келісімдер, сондай-ақ хаттамалар мен жұмыс бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады. Факультет халықаралық академиялық және ғылыми байланыстарды дамытуға, білім беру сапасын арттыруға және білім алушылар мен профессор оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығын кеңейтуге ерекше мән береді.
Факультет Ресей, Түркия, Германия, Қытай Халық Республикасы, Жапония, Моңғолия, Ұлыбритания, Польша және басқа да мемлекеттердің жетекші академиялық және ғылыми орталықтарымен ынтымақтастық орнатқан. Халықаралық серіктестік аясында бірлескен білім беру және ғылыми жобалар жүзеге асырылып, ғылыми зерттеулер жүргізіледі, конференциялар, конгрестер мен саммиттер ұйымдастырылады, сондай-ақ тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізіледі. Шетелдік университеттер мен білім беру және ғылыми ұйымдардың ғалымдары факультетте бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлерінде мамандар даярлау үдерісіне қатысады. Сонымен қатар әлемнің түрлі университеттерінен шақырылған жетекші профессорлар білім алушыларға дәріс оқып, халықаралық академиялық тәжірибені оқу үдерісіне енгізуге үлес қосады.
Қазіргі уақытта факультет әлемнің 10 жетекші шетелдік университетімен және ғылыми орталығымен ынтымақтастық орнатқан. Бұл серіктестік білім беру бағдарламаларын дамытуға, ғылыми зерттеулер жүргізуге, бірлескен академиялық іс-шаралар өткізуге және халықаралық ғылыми-білім беру кеңістігіне интеграциялануға мүмкіндік береді.
Халықаралық ынтымақтастықты дамытудың негізгі міндеттері
Факультеттің халықаралық ынтымақтастығын дамытудың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
*көптілді білім беру бағдарламалары аясында кадрлар даярлау жүйесін жетілдіру;
*білім беру мазмұнына, оқу үдерісінің ұйымдастырылу шарттары мен нәтижелеріне қойылатын талаптарды қамтитын сапаның жаңа стандарттарын қалыптастыру;
*көптілді білім беруді дамытуға арналған ғылыми-әдістемелік негізді жаңарту; көптілді білім беру бағдарламаларының тұрақты дамуын қамтамасыз ету;
*университеттің халықаралық қызметін қолдау және дамыту;
*факультетті әлемдік білім беру және ғылыми кеңістікке интеграциялау;
*университеттің халықаралық қызметін ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету;
*шетелдік білім алушылармен жұмысты жетілдіру.
Академиялық ұтқырлық және қос дипломды білім беру бағдарламалары
Факультет білім алушылардың халықаралық академиялық ұтқырлығын дамытуға басымдық береді. Академиялық ұтқырлық бағдарламалары аясында студенттер мен магистранттарға Польша, Чехия, Румыния, Түркия, Ресей және басқа да елдердің жоғары оқу орындарында бір семестр бойы білім алу мүмкіндігі ұсынылады. Атап айтқанда, білім алушылар Польшадағы Слупск қаласындағы Помор университетінде білім ала алады.
Қос дипломды білім беру бағдарламалары студенттерге екі жоғары оқу орнында білім алып, белгіленген талаптарды орындаған жағдайда екі университеттің дипломын иеленуге мүмкіндік береді. Факультет аясында М. К. Аммосов атындағы Солтүстік-Шығыс федералды университетімен бірлесіп жүзеге асырылатын 7М02208 «Археология және этнология» білім беру бағдарламасы, сондай-ақ Польшадағы Слупск қаласындағы Помор университетімен байланысты 6В02203 «Тарих» білім беру бағдарламасы ұсынылған.
Академиялық ұтқырлық пен халықаралық ғылыми байланыстар факультет білім алушыларының кәсіби құзыреттерін дамытуға, шетелдік академиялық тәжірибені меңгеруіне және ғылыми зерттеу дағдыларын жетілдіруіне ықпал етеді.
Халықаралық ғылыми тағылымдамалар
Магистратура және докторантура білім беру бағдарламаларының білім алушылары шетелдік серіктес жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарда ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие. Тағылымдамалар Ресей, Ұлыбритания, Германия, Испания, Польша, Румыния, Түркия, Грузия және басқа да елдердегі білім беру және ғылыми ұйымдармен ынтымақтастық аясында жүзеге асырылады. Халықаралық ғылыми тағылымдамалар білім алушылардың зерттеу жұмыстарын жетілдіруге, шетелдік ғылымардың тәжірибесін меңгеруге, халықаралық ғылыми байланыстар орнатуға және кәсіби дамуына жағдай жасайды.Серіктес жоғары оқу орындары және халықаралық ынтымақтастық тарих факультетінің академиялық және ғылыми ынтымақтастық бағыттары Қазақстанның және шетелдердің жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарын қамтиды.
Факультеттің серіктестері қатарында:
*Қазақстандық жоғары оқу орындары:
*Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;
*Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті;
*М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті;
*С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті.
Шетелдік жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар:
*М. К. Аммосов атындағы Солтүстік-Шығыс федералды университеті (Ресей);
*Помор университеті, Слупск қаласы (Польша);
*Шанхай университеті (Қытай);
*Тбилиси мемлекеттік университеті (Грузия);
*М. Торез атындағы Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университеті (Ресей);
*Гази университеті (Түркия);
*Ош мемлекеттік университеті (Қырғызстан);
*Вашингтон тілдер және тіл саясаты ұлттық зерттеу институты (АҚШ).
Аталған серіктестермен ынтымақтастық білім беру бағдарламаларын дамытуға, ғылыми зерттеулер жүргізуге, академиялық ұтқырлықты кеңейтуге және халықаралық тәжірибе алмасуға бағытталған.
Халықаралық білім беру ортасы
Қос дипломды бағдарламалар мен академиялық ұтқырлық білім алушылардың халықаралық деңгейде білім алуына және кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтуіне жол ашады. Соңғы үш жылда академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында елуден астам студент шетелде білім алған.
Қазіргі уақытта факультетте Польша, Ресей, Түркия, Қырғызстан, Қытай және Өзбекстаннан келген шетелдік студенттер білім алуда. Бұл халықаралық академиялық байланыстарды нығайтуға, мәдениетаралық қарым-қатынасты дамытуға және факультеттің халықаралық білім беру кеңістігіндегі тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.
Тарих факультеті халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, білім беру мен ғылым саласындағы серіктестікті кеңейту және халықаралық академиялық тәжірибені оқу үдерісіне енгізу бағытындағы жұмыстарын жалғастырады
