
Практика және еңбекпен қамту
Археология және этнология кафедрасы бойынша 6В02208 – Археология, этнология және антропология БББ-ның білім алушылары үшін бакалавриат деңгейінде археологиялық-этнографиялық оқу практикасынан, 4 курста дипломалды және өндірістік практикалары бойынша практикадан өтеді. Кафедра бойынша 1, 2, 3-курс және 6В02203 ̶ «Тарих» білім беру бағдарламасының 3-ші курс студенттері археологиялық және этнологиялық оқу практикасын Абай облысы, Абай ауданы, Тоқтамыс селолық округіне қарасты Қырықүнгір кешенді археологиялық ескерткішінде далалық практикадан өту қарастырылған.

Далалық практика барысында Қырықүнгір кешенді археологиялық ескерткішінде студенттер далалық шатырда тұрып, ас-тағам мәдениетінің өзіндік үлгісін қалыптастырып, әр түрлі мәдени-танымдық іс-шараларды жан-жақты ұйымдастырумен бірге, зерттеу жұмыстарымен де айналысады. Білім алушылар негізінен қола, ерте темір және түркі дәуірінің ескерткіштерінің зерттеу жұмыстарымен танысып, жергілікті жердің ауыл ақсақалдары мен қарияларынан этномәдени құндылыққа негізделген этнографиялық мәліметтер де жинақтайды.

4 курс студенттері үшін өндірістік практика ҚР Ұлттық музейінде өтеді. Білім алушылар практика барысында археологиялық-этнографиялық ғылыми танымдық іс-шараларға, Республикалық және халықаралық деңгейдегі конференциялар мен дөңгелек үстелдерге қатысып, Қазақстан археологиясы мен этнологиясының іргелі мәселелері жайында өз ойларын ортаға салады. Музей экспонаттары мен экспозициясы және қор жұмыстарымен тығыз байланыста болып, диплом тақырыптары аясында мәліметтермен алмасады.


7М02208, 8D02208 - Археология және этнология магистранттары мен докторанттары үшін педагогикалық практика факультеттің Археология және этнология кафедрасының базасында өтсе, зерттеу практикасы ҚР Ұлттық музейінің «Мәдени мұра» ҒЗИ-ның базасында өтеді.

Педагогикалық практика барысында кафедраның бакалавриат деңгейіндегі білім алушылары үшін арнайы пәндерден дәрістер мен практикалық сабақтарды өткізумен бірге, тәрбиелік танымдық әр түрлі іс шараларды студенттермен бірігіп өткізеді.

Зерттеу практикасының аясында магистранттар мен докторанттар ҚР Ұлттық музейінің кітапхана қорларымен, археологиялық және этнографиялық қорлармен тығыз байланыс жасап, зерттеу жұмыстары аясында молынан мәлімет алады.



