

Қазақстан тарихы кафедрасы білім беру стандартына сәйкес 6В02203, 7М02203, 8D02203 – «Тарих» білім беру бағдарламалары арқылы «Гуманитарлық ғылымдар бакалавры» және «Гуманитарлық ғылымдар магистрі», PhD философия докторын даярлайды. Сонымен қатар факультетте 8D02203 – «Тарих» бағыты бойынша Диссертациялық Кеңес жұмыс жасайды.
Сонымен қатар 1) Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ және Алтай мемлекеттік университеті арасында (7М02203-«Тарих», 46.04.01 «Қазіргі қоғамда тарихи білім») қосдипломды магистратура білім беру бағдарламасы; 2) Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ және Томск мемлекеттік университеті арасында (7М02203-«Тарих», 46.04.03 «Антропология және этнология» бағытында) «Миграциялық зерттеулер» атты қосдипломды магистратура білім беру бағдарламасы жүзеге асырылады.
6В02203, 7М02203, 8D02203 – «Тарих» білім беру бағдарламалары бойынша маман даярлауда қазіргі заманғы білім беру, ғылыми-инновациялық және апробацияланған жұмыс тәжірибесіне сүйене отырып шетелдік ЖОО, ғылыми-зерттеу институттарымен, орталықтарымен байланыс орнатты.
Кафедраның тарихына тоқталып өтетін болсақ, тарих мамандығы Целиноград педагогикалық институтының ашылуымен және оның Қазақстан Республикасындағы жоғары педагогикалық оқу орны ретінде қалыптасуынан басталады. 1962 жылы тарих-филология факультетіне "Тарих" мамандығы бойынша 50-ге жуық студенттер оқуға қабылданды.
1987 жылдың 18 қазанынан бастап тарих бөлімі дербес факультет болып, алғашқы кафедра мен деканат ұйымдастырылады. Кафедра құрылған сәттен бастап оны Ұлы Отан соғысының ардагері - П.Е. Тарасенко басқарып, кафедрада Ф.М. Үйсумбаева және Г.М. Мұхамеджанова сынды ғалымдар жұмыс істеді. Сондай-ақ Томск мемлекеттік университетінің түлегі С.И. Ковальская және С.К. Идрисова аға лаборант болып жұмыс атқарды.
Осы жылы 50 орынға арналған сырттай бөлім ашылып, "тарих және неміс тілі" бөлімі ашылды. 1991 жылы факультетте орыс және қазақ мектептеріне тарих мұғалімдерін дайындау үшін "тарих және қазақ тілі" бөлімі ашылады.
1992 жылдан бастап Қазақстан тарихы кафедрасын т.ғ.к., доцент М.М. Джанпеисова басқарды. 1997 жылы Целиноград мемлекеттік педагогикалық және Целиноград инженерлік-құрылыс институттары бірікті. Қазақстан тарихы кафедрасында әр кездері Л.Я. Борошенко, Н.П. Бабина Б.Х. Хусаинов, А.Ж. Сәрсенов, С.Ш. Мұхамеджанова, А.Ж. Аманбаев, Б.М. Абдрахманова, Г.М. Какенова, Д.А. Махат сынды ғалымдар қызмет атқарды.
Кейінгі уақыттарда кафедраны Ә.Қ.Құсайынов, Х.М.Әбжанов, К.А.Ахметов, З.Е.Кабульдинов, Т.С.Садықов, Г.Т.Мусабалина, Ғ.И. Көшенова, ал 2023 жылдан бастап кафедраны т.ғ.к., доцент Қ.О. Сейтказина басқарып келеді.
Қазіргі уақытта кафедрада: ҚР ҰҒА академигі Б.Е. Көмеков, Е.Б.Сыдықов, профессорлар - Т.С. Садықов, З.О.Дукенбаева, Г.Т. Мусабалина, С.И. Ковальская, М.А. Алпысбес, Д.Әбділәшімұлы, А.С. Мусағалиева, доценттер - Г.К. Ерменбаева, Қ.О. Сейтқазина, Г.К. Жапекова, Ө.Ж. Бекмағанбетов, Н.Е. Сайлаубаева, С.К. Қабылтаева, аға оқытушылар – Н.Н. Ақпанбет, К.Д. Жылқыбаев Б. Муратбекқызы, Ж.О. Хасенова, Ж.С.Ерденбекова, М.Абдуразаков жұмыс істейді
Осылайша білім беру бағдарламалары бойынша оқу үдерісі Қазақстан тарихы кафедрасының жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құрамымен қамтамасыз етіледі. 2024-2025 оқу жылында кафедраның штаттық сапалық құрамы 21 оқытушыдан тұрды, оның ішінде ғылым докторы профессор - 7, ғылым кандидаты доцент - 6, PhD – 2, гуманитарлық ғылым магистрі - 6.
