«Алтын Орда өркениеті» кафедрасының ғылыми қызметі Қазақстан тарихын, Алтын Орда мемлекетінің тарихы мен өркениеттік мұрасын, сондай-ақ Еуразия кеңістігіндегі тарихи үдерістерді кешенді зерттеуге бағытталған. Ғылыми-зерттеу жұмыстары кафедраның ғылыми басымдықтарына сәйкес жүзеге асырылып, отандық және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға бағдарланған.
Кафедраның ғылыми қызметінің басым бағыты:
«Алтын Орда өркениеті және Еуразия тарихы: тарихи сабақтастық, деректану және заманауи зерттеу тәсілдері». Аталған бағыт аясында Алтын Орданың саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени тарихы, оның Еуразия халықтарының тарихи дамуындағы орны, мемлекеттілік дәстүрлерінің қалыптасуы мен сабақтастығы, сондай-ақ ортағасырлық жазба деректер мен тарихи мұраны зерттеудің өзекті мәселелері қарастырылады.
Кафедраның ғылыми қызметі отандық және шетелдік ғалымдармен ғылыми байланыстарды нығайтуға, жаңа зерттеу нәтижелерін ғылыми айналымға енгізуге, Қазақстан тарихының өзекті мәселелерін зерделеуге және Алтын Орда мұрасын халықаралық ғылыми кеңістікте танытуға бағытталған.
ҒЫЛЫМИ СЕМИНАРЛАР
Кафедрада Алтын Орда тарихы мен Еуразия өркениеттерін зерттеудің өзекті мәселелерін талқылауға, ғылыми тәжірибе алмасуға және жас зерттеушілердің ғылыми әлеуетін дамытуға бағытталған ғылыми семинарлар ұйымдастырылады. Семинарлар барысында отандық және шетелдік тарихнаманың жетістіктері, тарихи деректерді талдау мәселелері, зерттеудің жаңа әдіснамалық тәсілдері мен ғылыми ізденістердің нәтижелері қарастырылады. Ғылыми семинарлар оқытушылардың, докторанттар мен магистранттардың зерттеу жұмыстарын жетілдіруге және академиялық ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.
ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯЛАР
2026 жылғы 9 қазанда «Алтын Орда өркениеті» кафедрасының ұйымдастыруымен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Әлихан Бөкейханның 160 жылдығына, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына және «Алаш» институтының 20 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Халықаралық жиынға Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Жапония, Моңғолия және Ресейден келген тарихшылар мен түркітанушылар қатысып, Алаш мұрасы, Жошы ұлысының тарихи маңызы және қазақ мемлекеттілігінің тарихи сабақтастығы мәселелерін талқылады. Конференция ұлттық тарихтың өзекті мәселелерін зерделеуге және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.

