
«Археология және этнология» кафедрасы студенттерінің «LVIII Орал-Поволжье археологиялық студенттер мен жас ғалымдар конференциясына» қатысуы

2026 жылғы 2–4 ақпан аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Тарих факультетінің «Археология және этнология» кафедрасының 11 студенті (делегация жетекшісі – 2-курс докторанты Дукомбайев А.Т.) Челябі мемлекеттік университетінің базасында өткен «LVIII Орал-Поволжье археологиялық студенттер мен жас ғалымдар конференциясы» (УПАСК) атты Бүкілресейлік ғылыми конференцияға қатысты.
Конференция жұмысына 31 жоғары оқу орны мен 1 ғылыми ұйымнан 147 студент, атап айтқанда Астана, Астрахань, Барнаул, Волгоград, Вятка, Екатеринбург, Елабуга, Ижевск, Йошкар-Ола, Қазан, Қорған, Мәскеу, Набережные Челны, Новосибирск, Орынбор, Пенза, Пермь, Самара, Саратов, Томск, Тюмень, Чебоксары, Челябі, Череповец және Уфа қалаларынан қатысты.

Қола дәуірі археологиясы секциясында: Сұлтан Ақерке Сәкенқызы (4 курс) – «Орал-Қазақстан далаларындағы қола дәуірі қоныстарындағы құдықтар: құрылысы мен қызметі» (ғылыми жетекшісі – т.ғ.к., доцент, К.А. Ақышев атындағы Археология ҒЗИ директоры Хабдулина М.К.); Закумбаев Азамат Рашидұлы (4 курс) – «Қазақстан аумағындағы күйме кешендерінің іздері (Солтүстік, Орталық және Батыс өңірлер материалдары негізінде)»; Айғанова Гүлназ Рүстемқызы (4 курс) – «Андрон мәдениетінің бас әшекейлерінің қазақ этнографиясындағы трансформациясы».
Ерте темір дәуірі археологиясы секциясында: Еремеева Дарья Александровна (3 курс) – «Ерте темір дәуіріндегі үйсіндердің Қытаймен байланыстарының археологиялық деректері»; Уали Алихан Қайратұлы (2 курс) – «Сақтар мен қазақтардың қыстаулары: табиғи-климаттық факторлар және дәстүр сабақтастығы»; Мұратұлы Ерасыл (4 курс) – «Сақ жауынгерлерінің сырғалы жерлеу ескерткіштері»; Айгазина Дина Ревмирқызы (4 курс) – «Қазақстанның ерте темір дәуіріндегі дала патшайымдарының бас киімдерінің декоры мен символикасы»; Медведев Кирилл Петрович (4 курс) – «Бұғытастардағы жауынгерлік киім символы».
Ортағасырлар дәуіріндегі Орал-Поволжье археологиясы секциясында Әлімжан Али Ерболұлы (3 курс) – «Ботағай кесенесі: ескерткішті зерттеу және сақтау мәселелері».
Жаңа заман археологиясы секциясында Валиханова Милена Булатқызы (4 курс) – «Қараөткел мұсылман зиратының құлпытас құрылыстарын зерттеу нәтижелері».
Археологиялық зерттеулердің теориясы мен әдістемесі секциясында Оспанов Алихан Дарханұлы (3 курс) – «Құмай кешені: сакралды ландшафт және қола дәуірінен бүгінге дейінгі ритуалдық кеңістіктің сабақтастығы».

Ұсынылған баяндамалар «Археология және этнология» кафедрасы студенттерінің ғылыми зерттеулеріне конференция қатысушылары тарапынан зор қызығушылық тудырды. Баяндамалар қорытындысы бойынша белсенді пікірталас ұйымдастырылып, зерттеулердің негізгі және өзекті мәселелері талқыланды.
Конференция аясында студенттер Челябі мемлекеттік университетінің Археология және этнография музейіне барып, жетекші мамандар өткізген шеберлік сабағы мен тақырыптық дәрістерге қатысты:
Кисленко Дмитрий Александрович – Миасс өлкетану музейінің директоры,
Гончарова Евгения Николаевна – О.Е. Клер атындағы Свердлов облыстық өлкетану музейінің Орал халықтарының көне тарихы бөлімінің меңгерушісі.
Шеберлік сабағы: «Тас құралдарын жасау әдістері».
Анкушев Максим Николаевич – г.-м.ғ.к., Ресей ҒА Орал бөлімшесінің Минералогия және геоэкология федералдық ғылыми орталығының ғылыми қызметкері.
Дәріс: «Ежелгі металл бұйымдарының құрамын зерттеудің заманауи әдістері».
Куприянова Елена Владиславовна – т.ғ.к., Табиғат пен адам проблемаларын зерттеу оқу-ғылыми орталығының директоры, ЧелМУ Ресей және шетел елдері тарихы кафедрасының доценті. Дәріс: «Қола дәуірінің күрделі киім кешендерін реставрациялау мәселелері».
Грудочко Иван Валерьевич – т.ғ.к., Еуразиялық зерттеулер ғылыми-білім беру орталығының ғылыми қызметкері, Оңтүстік Орал мемлекеттік университетінің отандық және шетел тарихы кафедрасының доценті.
Дәріс: «“Мұртты қорғандар” тарихи-археологиялық феномені».
Мақалалар жинағымен келесі сілтеме арқылы танысуға болады:
https://www.elibrary.ru/item.asp?id=88907700.


