
«Археология, этнология және антропология» мамандығы.
- БАКАЛАВРИАТ – 6В0208; 4 жыл;
- МАГИСТРАТУРА – 6М0208; 2 жыл;
- ДОКТОРАНТУРА – 6D0208; 3 жыл.
Археология және этнология кафедрасының халықаралық ынтымақтастығы келесі бағдарламалар аясында жүзеге асырылады:
- қос дипломды оқыту;
- академиялық ұтқырлық;
- ғылыми конференциялар мен семинарларға қатысу;
- бірлескен археологиялық экспедициялар өткізу;
- магистранттар мен докторанттардың ғылыми тағылымдамалары;
- докторанттардың ғылыми жұмысына басшылық жасау;
- бірлескен мақалалар мен зерттеулерді жариялау;
- халықаралық жобаларға қатысу, дәріс оқу және т. б.
ҚР БҒМ Ұлттық рейтингтік агенттігінің нәтижелері бойынша кафедра мамандықтары ҚР жоғары оқу орындары арасында жетекші орындарға ие. 2015 жылы 5В020800 – Археология және этнология кафедрасы мамандығы бойынша 3 орын, 6М020800 – 1 орын алды. «6D020800-Археология және этнология» ББ тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің (ТАРА) Ұлттық рейтингінде 2018 жылы көшбасшылық позицияны иеленді – 2 орын.
Кафедра жанынды екі археологиялық экспедиция жұмыс істейді: «Есіл стационарлық археологиялық экспедициясы», елордалық аймақ аумағында өз зерттеулерін жүргізеді және өз қызметін Абай облысы Абай ауданының аумағында өрістеткен «Шыңғыстау археологиялық-этнографиялық экспедициясы».
«Археология, этнология және физикалық антропология»" мамандығының түлектері Қазақстанның мәдениет және білім беру мекемелерінде – ҚР Ұлттық Ғылым академиясының ғылыми-зерттеу институттарында, мұражайларда, жоғары оқу орындарында, әкімдіктерде, тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі инспекция органдарында жұмыс істейді.
